• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Тірек мектебінің тиімді тәжірибесі

431 рет
көрсетілді

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», – дейді Елбасы. Жастарды бүгінгі қоғамға лайық, жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеу жолында Мақтаарал ауданы, Асықата кенті «Жеңіс» мектеп-гимназия» мектебінде жұмыстар дұрыс жолға қойылған. Білім ұясында 96 жоғары білімді ұстаздар еңбек етіп келеді. Оның ішінде 45-сі жоғары санатты, 25-сі бірінші санатты, 12-сі екінші санатты мұғалімдер. Жаңа технологиялық құрал­дармен жабдықталған мультимедиялық кабинет, информатика, физика, химия, биология, математика, ағылшын тілі кабинеттерінде интерактивті тақталар орнатылып, компьютерлер интернет желісіне қосылған, электронды пошта, мектеп сайты үздіксіз жұмыс істейді. Мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылыққа баулу мақсатында жүйелі түрде оқыту мен оқуда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Мұғалімдердің кәсіби әлеуетін көтермелеу мақсатында деңгейлік бағдарламалар негізінде сертификатталған мұғалімдердің «Бастау» қау­ым­дастығы жүйелі жұмыс атқарып отыр. Мектеп орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында әдістемелік жұмыстарды тиімді жүргізу мақсатында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің шешімімен ауданда жетекші мектеп саналады. 12 серіктес мектепке кәсіби қолдау көрсетуде мектеп модераторы А.Құмарбекова үздіксіз ізденістермен нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Мұғалімдердің іскерлік шеберлігі мен кәсіби әлеуетінің жоғары бағалануынан тарих, дінтану негіздері, математика, орыс тілі, технология, информатика пәндері бойынша тірек мектебі саналады. Мектеп базасында көптеген семинарлар, конференциялар, кездесулер, ашық есік күндері, байқау-сайыстар, оқушылардың пән олимпиадалары, тағы да басқа көптеген іс-шаралар ауқымды және әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өткізіледі. 2015 жылы мектеп Мақтаарал аудандық білім бөлімінің ұсынысымен облыс әкімінің «Ең үздік білім беру ұйымы» гранты байқауына қатысты. Екі жыл қатарынан аудандық білім бөлімінің мектепаралық диагностикалық рейтингінің нәтижесінде мектеп ІІ орынға ие болып келеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік аттес­таттау комиссиясы мектептің жұмысын зерделеп, оқушылардың білім сапасын тексеру негізінде білім беру ұйымы аттестатталды. ҰБТ қорытындысы бойынша 94,3 балды көрсетіп, аудан мектептерінің арасында 5-орынға шықты. Мұғалімнің үздіксіз кәсіби білік­тілігін көтермелеу – ең жоғары марапат. Мектеп мұғалімдері барлық салада ұйымдастырылып отыратын байқау, сайыс, фестивальдардың белсенді қатысушылары болып табылады. «Үлгі көрсету» стратегиясы ұтымды да табысты жүзеге асырылуда. Оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қы­зығушылығы өте жоғары. Әрбір өлеңді нақышына келтіріп, образға ене отырып, мәнерлеп орын­­дау шеберлігі басым. Олай дейтініміз, рес­публикалық, облыстық Абай оқулары, Махамбет оқулары, Б.Момышұлы оқулары, Т.Айбергенов оқулары, І.Жансүгіров оқулары, Оралхан Бөкей оқуларында Ә.Исаков, Н.Төлеген, Ұ.Орман, Ә.Қанайбек, Д.Сатылхан, Б.Әзімхан, Д.Матжан, С.Жолдасбай сынды оқушылар дараланып, мектеп абыройын асқақтатып келеді. Бірнеше жылдан бері мектептің музыка пәнінің мұғалімдері М.Баймурзин мен К.Баймурзинаның жетекшілік етуімен «Кәусар» би тобы құрылып, облыстық, республикалық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегерлері атанып жүр. Спорт саласында да жетістіктері көптеп саналатын мектепте оқушылар арасында 4 спорт шебері бар. Күрестен, волейболдан, үстел теннисінен республикалық чемпионаттардың жүлдегерлері де жетерлік. Оқушылардың білім сапасын арттыру және рухани тәрбие беру мақсатында әлі де қыруар жұмыстар жоспарлап отырған мектеп ұжымы Қазақстанның іргесі бүтін, ертеңі нұрлы болуы үшін еңбек ете береді. Гүлжан УБАЙДИНА, «Жеңіс» мектеп-гимназия» мектебінің директоры Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асықата кенті