• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

ҚР СІМ Карловтың өлтірілуіне байланысты мәлімдеме жасады

125 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлтірілуіне байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде былай делінеді: «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкарада болған Ресей Федера­циясының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Андрей Карлов­тың өлтірілуі оқиғасын шешімді түрде айыптайды. Егемен елдің өкілетті өкіліне қарсы бағыт­талған терроризмнің аталған актісі Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіріп, үрей туғызуды көздейді». Мәлімдемеде, сонымен қатар, Ресей тарапына, марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтылып, аталған жауыздық актісінің ешқандай да ақтауға жатпайтыны атап көрсетіледі және Түркияның құқық қорғау органдары тарапынан егжей-тегжейлі тексеріліп, оны ұйымдастырушылардың қатаң жазаланатынына үміт білдіріледі.