• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Үшарал мешіті қайта жаңғыртылды

518 рет
көрсетілді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің қарауындағы Жамбыл облысы Талас ауда­нындағы тарихи мешіт – Үш­арал мешіті толықтай қайта жаңғыр­тудан өткізілді. Аталған мешіт XVІІ ғасырдың аяғына қарай Әулиеата-Тараз жеріне табан тіреген өз дәуірінің зиялы қауымы жер-жерде мешіт, медреселер салу жұмысын қолға алса керек. Оған жергілікті азаматтар аянбай, қолдан келген көмегін көрсетеді. Бүгінде Үшарал мешіті, Қара­қожа мешіті, Жүнісбай, Әбді­қадыр, Нәметбай мешіттері аталатын, әлі де діндар қауымға қызмет етіп келе жатқан тарихи ғимараттар – сол дәуірлерде бой көтерген құрылыстар. Үшарал мешітінің құрылысы 1900 жылы аяқталып, пайда­лануға беріледі. Жалпы, құрылыс­тың басы-қасында болып, құрылыс­шылар тарту, материалдар дайын­дау ісімен сол кездегі Үшарал, Тоғызкент аймақтарының имамы болған Абдулла Ишан деген діндар адам айналысады. Терракот қыштар мен басқа да материалдар жергілікті жерде дайындалған. Соңғы мәрте 2003 жылы «Мә­дени мұра» бағдарламасы аясында «Казреставрация» мамандары, республикалық ҚазНИПИ ғылыми-зерттеу институтының жоба­лауымен аталған тарихи мұраны қайта жаңғырту жұмыс­тарын жүргізді. Ал, биылғы жылы тарихи мұраға қайта жаңғырту жұмыс­тары жүргізіліп, жергілікті қауымның игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінде аталған тарихи мешіт тарихи-мәдени мұра ғана емес, ауыл тұрғындарының иман­дылық, ізгілік үйіне айналған.