• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2016

Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

437 рет
көрсетілді

Жақында бес жұлдызды «Алматы» шипажайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «Алматы» шипажайының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында «Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Өткенде сайыстың қорытындысы шығып, жүлдегерлер марапатталды.  Жүрсін Ерман, Нұртілеу Иманғалиұлы сияқты жампоздармен қатар, Бекжан Әшірбаев, Серікзат Дүйсенғазы, Олжас Отар секілді елімізге белгілі ақындар төрелік жасаған жыр сайысына қырықтан астам ақынның өлеңдері келіп түскен. Қазылар алқасының іріктеуінен өткен он екі ақын жүлдеге лайық деп танылып, солардың арасынан бірінші орынды Серік Қалиев иеленіп, «Алматы» шипажайына 10 күндік LUX номірде демалуға жолдама жеңіп алды. Екінші орынды Қуаныш Қолқаев пен Олжас Қасым өзара бөлісіп, шипажайда 10 күн бойы STD нөмірде демалатын болады. Үшінші орынды Айдана Сегізбаева, Бауыржан Әлқожа және Наурызбек Саршаев қанжығалап, шипажайдың 7 күндік STD номірде демалатын жолдамасын ұтып алды. Астаналық Рауан Қайдар мен семейлік Қазбек Байжұманға шипажай президенті Талғат Тұңғышбаевтың арнайы жүлдесі беріліп, олар 7 күнге стандарт нөмірде демалуға жолдама алды. Манас Қайыртай, Аслан Тілегенов, Сайлаубай Тойлыбаев, Ұлмекен Лесбекова ынталандыру сыйлығы бұйырып, олар бір жыл бойы шипажай бассейнінде тегін жүзетін болды. «Мүшәйраның мақсаты — Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, отан­дық туризмнің дамуына ықпал ету, «Алматы» шипа­жайы­ның қол жеткізген табыстарын халыққа паш ету, дарынды ақын­дардың шығармашылық қабілетін ұштау болып табылады», дейді шараны ұйымдастырушылар. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ