Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулы Марк Муди Жаңа 2017 жылмен қазақша құттықтады. Видео құттықтау консулдықтың Фейсбуктегі парақшасында жария етілді. Дипломат 2016 жылы АҚШ пен Қазақстан арасында дипломатиялық байланыстың орнауының 25 жылдығына орай бірталай іс-шаралар өткізілгенін мәлім етті.