• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Екі елге ортақ «Композитор»

177 рет
көрсетілді

2017 жылдың алғашқы филь­мін түсіру жұмысы қолға алынды. Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фильм» киностудиясы Қытай кинема­тогра­фистерімен бірлесіп «Компо­зитор» (жұмыс атауы) атты фильм түсірмек. Аталған фильмнің түсіру жұмыстары бо­йын­ша кездесу өткізу үшін ҚХР-дың танымал режиссері Шеризат Якуб бастаған Shineworks кино­ком­паниясының түсіру тобы Алматыға арнайы келді. Бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы талқылаулар 2015 жылы Қытайдың Фучжоу  қа­­ла­сында өткен «Жібек жолы» кино­фестивалінде бас­­талған болатын. Ал 2016 жылы «Қазақфильм» кино- с­ту­диясы және Қытайдың Shineworks кинокомпаниясы ара­сында «Композитор» атты фильмді бірлесіп шығару және қаржыландыру, сонымен қатар,  ортақтаса отырып прокатқа шы­ға­ру жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл фильм әлемдік өнерге елеулі үлес қосқан Қытайдың танымал композиторы Си Синхай­дың өмірі мен өнер жолына арналмақ. Ұлы Отан соғысы жыл­дарында (1941-1943) композитор Қазақстанда тұрып,  қазақ­тың талантты композиторы Бақытжан Байқадамовпен дос болған. Картина екі ел арасын­дағы ынтымақтастық пен компо­зиторлардың достығы туралы сыр шертеді. – Бүгінгі күнге дейін біраз жұмыс атқарылды. Қазақстан жағынан серік­тестерімізге алғы­сы­мыз шексіз. Қытайда Си Син­хай туралы, оның әр жылдары өмірі туралы баяндайтын фильмдер көп, бірақ композитордың Қазақстанға келіп, аз уақыт болса да осында өмір сүріп, Алматыда жұмыс істегені туралы көпшілік біле бермейді. Композиторды Қа­зақстанда жылы қарсы алып, оның шығармашылығына қолдау көрсеткені туралы айтып беру – біз үшін өте маңызды, – дейді фильмнің режиссері  Шеризат Якуб «Қазақфильм» өкілдерімен кездесу барысында. Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фильм» АҚ президенті Бақыт Қайыр­­беков:  – «Қазақфильм» үшін бұл – Қытай киногерлерімен жасалғалы отырған алғашқы жоба. Сондықтан да, біздің тарап­­тан бұл жобаға білікті ма­ман­дар тартылып отыр. Екі ел ара­сын­дағы өнер байланысын арттыра түсу мақсатында қолға алынған фильмді абыроймен атқарып шығамыз деген ойдамын, – деді. Ортақ кинотуынды болса да, шекарасы жоқ өнер туралы терең ойға тиянақталған түсірілімнің негізгі бөлігі Қазақстанда өтпек. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ