• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Құпиясы көп орталық

359 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында жұмыс жасайтын «Хайуанаттар бағына» барып, кәдімгідей-ақ аң-таң қалады екенсің. Балықтар, тасбақалар дейсіз бе, әртүрлі құстар, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер, тиіндер, тотықұстардың да түр-түрін көресіз. Ғажайып орман ішін аралап жүргендей әсерде қаласыз. Қаланың күнделікті у-шуынан серпіліп, аз да болса, тынығып шығасыз. Хайуанаттар бағында 54-тен астам жан-жануардың түрлерін кездестіре аласыз. – Балалар жануарларды өз қолдары­мен күтіп-бағады. Әрқайсысы осы шағын хайуанат­тар бағында теңіз доңы­зын, тасбақалар, тотықұстар және тағы да басқа қолға үйретілген жануар­ларға өз қол­дарымен тамақ береді. Хайуанат­тармен қарым-қатынаста болған әр бала жау­апкершілікке, мейірімділікке тәрбие­леніп, жануарлар өмірі жайлы қы­зықты мәліметке қанығады. Бұл жер­де өмір сүретін әрбір жануардың хайуа­наттар бағына келу сырлары бар, – дейді «Эко­мир» үйір­месінің жетекшісі Ирина Мат­веева. Оқушылар сарайындағы «Эко­мир» үйірмесіне келген әрбір оқушы эколо­гиялық білім алады. Ал құстарға ерекше қамқор болу – бұл үйірменің басты бағыты. Балалар құс­тар жайлы көп ақпарат алып, қыс мез­гілінде құстарға жемсауыттар жасап, «Құстар мерекесі» қарсаңында әртүрлі шығармашылық сайыстарға қатысады. Біз аралап көріп жүрген шағын ғана Хайуанаттар бағы 30 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. – Біздің сарайға келген әр бала өз жанына жақын іспен айналыса алады. Ғылыми жоба жазу, ғарыш әлемін зерттеу, робототехника саласында жұ­мыс жасау, ән шырқап, би билеу, әдемі сурет салып, сәнді киім тігу, шаш­та­раз өнерімен айналысып, тіпті хайуа­наттарға қамқор болып, табиғат әлемін зерт­теуге мүмкіндіктері бар, – дейді Оқу­шы­лар сарайының қызметкері Әсем Аюпова. Біз Әсел айтып тұрған «Ан­тарес» аталатын астрономия ор­талығының жас астрономдарымен де таныстық. Бұл жерде ғарышты зерттеуші болашақ астро­номдар оқып-үйренуде. Жас астрономдарға арналған обсерватория алаңын да көрдік. Обсерваторияның бақылау, кө­ру алаңы, астрономия са­бағы өте­тін бөлмелері бар екен. Теле­с­­коппен аспан әлеміне көз салып, авто­маттандырылған басқару пультінде отыруға да болады. Қуаттылығы әртүрлі үш телескоп орнатылған. Балалар, астрономия және астрофизика ілімдерін зерттеп, білімдерін толықтыра алады. Қазір Павлодар қаласындағы Оқу­шылар сарайына облыс орта­лығында тұратын 6 жастан 18 жасқа дейінгі 3231 оқушы тұрақты түрде келеді. Сарайда 257 үйірме мен клуб жұмыс жасайды. Облыс орталығына сапарлап келген ғарышкер Айдын Айымбетов: «Әлі-ақ көрерсіздер, осындай сарайдан, осындай кішкентай обсерваториялардан кейін үлкен құпиялар ашылады», деген болатын. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»