• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Конституциялық өзгерістер туралы дәріс өтті

364 рет
көрсетілді

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Үнзила Шапақ «Конституциялық реформа: Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыру» деген тақырыппен дәріс өткізді. Дәрісті тыңдауға ұлттық уни­вер­ситеттің профессор-оқы­ту­шы­лар құрамы, ха­лықаралық қа­тынастар маман­ды­ғында білім алып жатқан студенттер жиналды. Ғалым оларға Мемлекет бас­­шысының билік тармақтары ара­сын­да өкілеттіктерді қайта бө­лу мәселелері жөніндегі Үндеуін, кон­ституциялық реформалардың жү­зеге асырылу ретін түсіндірді. – Жалпы, Елбасының өкімімен 11 қаңтар күні Мемлекеттік би­­ліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мә­­селелері жөніндегі Жұмыс то­бы құрылған болатын. Осы жұ­­мыс тобына келіп түскен ұсы­­н­ыстардың нәтижесінде бү­кіл­халықтық талқылауға Ата Заң­ға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы ұсы­ны­л­ды. Қазіргі таңда осы жоба­лар бойынша оның мазмұны мен мәнін кеңінен түсіндіру жұ­мыстары жүріп жатыр, – деді ол. Үнзила Шапақтың айтуынша, Конституцияға енгізілуге ұсы­нылған өзгерістер мен то­лықтырулар жобасын екі топ­қа бөліп қарастырған жөн. Бірін­шісі – Қазақстандағы меншік құ­қы­ның кепілдігін қамтамасыз ету. Яғни, жекеменшікті Кон­с­титуция негізінде қорғау те­тік­терін одан әрі нығайту, кү­шейту қарастырылып отыр. Екін­шісі – Қазақстандағы би­лік тармақтары ара­сындағы өкілеттіктерді би­лік тармақтарының қайта бөлу мәселесі. Сол ар­қылы мемлекеттік басқару жүйе­сін жетілдіре түсу жолдары қарас­ты­рылуда. – Қарапайым тілмен айтар бол­сақ, Конституция – қоғамды бас­қарудың ең басты заңдық құ­ралы болып табылады. Сонымен қатар, Конституция – қоғамдық келісімшарт, қоғамды басқару үшін, оны қандай да бір ережеге бағындыру үшін Конституция сол қоғамға сай болуы тиіс. Күн­­делікті өзгеріп жатқан әлеу­мет­­тік-экономикалық жағдайлар оған өзгеріс енгізуді талап етуде, – деп атап өтті ғалым. Үнзила Шапаққызы баян­да­ғандай, ол өзгеріс, біріншіден – Пар­ламенттің жауапкершілігін кү­шейту. Екіншіден – Үкіметтің құ­зыреті мен жауапкершілігін арт­­тыру. Бұл әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамудың және қо­ғам­ның өсіп-өркендеуі нә­ти­же­сінде ба­ғындырылған бір белес деп қа­былдаған абзал. – Кеше ғана Президент Қазақстан халқына Жолдауын ар­нады, халықаралық бә­се­ке­лес­тік­ке қабілеттілікті арттыру жолында тиісті тапсырмалар берілді. Осы жаңғырудың бірден-бір ке­пілі – Конституцияның дұрыс әрі тиімді жұмыс істеуі. Жалпы, пре­зиденттік институт әлемде мойындалған институттардың бірі. Тиісті реформалардан кейін де Президент еліміздің қауіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, Президент адам жә­не оның құқықтарының кон­сти­туциялық кепілі болады. Ел­басымыз бұл функцияны толы­ғы­мен атқарып келеді, – деп ойын түйіндеді Ү.Шапақ. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»