2011 жылғы 31 тамыз, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу үшін ғылыми немесе педагог қызметкерлерге бөлінген квоталарды іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына (2011 жылғы 26 мамырдағы № 221 (26619) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 6961 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакциядағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) квота бойынша мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері үшін құжаттар қабылдау – 2011 жылғы 1 маусымнан 15 қыркүйекке дейін;».
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә.Ырсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. ЖҰМАҒҰЛОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7156 болып енгізілді.