2026 жылғы наурызда ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамының арқасында айдың жартысына жуық уақытын демалыспен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге, 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні – 10 наурыз, сейсенбі.
8 наурыздағы демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз – қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні; аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз – жұмыс күні, 8 және 9 наурыз – демалыс күндері, 10 наурыз – жұмыс күні.Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:
21 наурыз – сенбі; 22 наурыз – жексенбі; 23 наурыз – дүйсенбі.Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 21-25 наурыз – бес күн қатарынан демалыс (сенбі-сәрсенбі); аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері, 25 наурыз – жұмыс күні.