• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2011

Адам құқықтары – адамзаттық құндылық

325 рет
көрсетілді

Облысқа екі күндік жұмыс сапарымен келген Еуроодақ өкілдігінің басшысы Норбер Жустен бастаған Еуроодаққа мүше елдер өкілдері Еуроодақтың «Адам құқықтары туралы ақпараттарды қазақ тілінде тарату бойынша азаматтық қоғам мүмкіндіктерін дамыту» жобасы аясында «Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген семинар-тренингке қатысты. Басқосуға Австрияның, Фин­лян­дияның, Францияның, Лат­вия­ның, Литваның, Словакия­ның, Болгарияның, Польшаның, Румынияның және Щвецияның Қазақстандағы елшілері мен уа­қыт­ша сенімді өкілдері келді. Үстіміздегі жылы бас­талған бұл жобаның мақсаты тұр­ғын­дар­ға өздерінің Қазақстан Консти­ту­ция­сымен бекітілген, сондай-ақ, ха­лықаралық пактілермен ратифи­ция­ланған негізгі адами құ­қық­тарын қазақ тілінде оқыту жолы­мен танысу болып табылады. Об­лыста адам құқықтарын қорғау бағытында біраз жұмыстар тындырылуда. Бұл бағытта 100-ден астам үкіметтік емес ұйым­дардың басым бөлігі қайтарымды жұмыс істеп келеді. «Достық» үйіндегі 18 этномәдени бірлестік және басқа қоғамдық ұйымдар адам құқықтарын қорғауға атса­лы­суда. Облыста осындай жүйелі жұмыстар жүргізілуінің нәти­же­сінде сәби өлімі 16 пайызға кеміген. Тұрғындардың құқықтық сауат­тылығын арттыру бағы­тын­да көп шаруалар атқарылған. Адам құқықтарының сақталуына байланысты осы және басқа мә­селелер жайлы жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова өзінің кіріспе сөзінде хабардар етті. Семинар-тренингте Еуроодақ өкілдігінің басшысы Норбер Жус­­тен сөз алып, 27 елді біріктіретін Еуроодақтың адам құқығын қоғамнан бөле қарауға келмейтін әмбебап мәселе ретінде қарас­ты­ратынын жеткізді. Ол Еуро­одақ­тың саясатына азаматтық, эконо­ми­калық, әлеуметтік, мәдени құқықтарды қорғау кіретінін атап өтті. Сондай-ақ, әйелдер мен балалар, жер аударылғандар құқық­та­рын қорғау да жататынын мә­лім етті. Осы жобаға 156 мың еуро бөлінгенін айтты. Мұндай семинар-тренингтердің Алматы, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Атырау қалаларында өткенін тілге тиек ете келіп, алда Ақтау мен Қызылордада ұйым­дас­т­ыры­ла­ты­ны­на тоқталды. Қазақстан Білім және ғылым министрлігі Бала­лар­ды қорғау комитетінің төр­айымы Раиса Шер адам құқы­ғын, соның ішінде балалардың құ­қықтарын қорғауға байла­ныс­ты «Адам құқығы үшін хар­тия­сы» қоғамдық қорының жұмы­сына қолдау көрсетіп отырған Еуро­одақ­тың бастамасына риза­шы­лығын білдірді. Адам құқы­ғын, соның ішінде балалардың заңды мүддесін қорғау мемлекеттік саясатта басымдыққа ие болып отырғанын жеткізді. Елімізде бұл бағытта адамдардың тұрмысын жақсарту мақсатында азаматтық қоғамның, үкіметтік емес және халықаралық ұйым­дардың тиімді жүйесін құрудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол адам құ­қық­та­рын қорғаудың 2009-2011 жыл­дарға арналған ұлт­тық бағдар­ламасы қабыл­данғанын да бұл ба­ғыттағы жетістік ретінде бағалады. Семинар-тренингте сөйлегендер адам құқықтарын, соның ішінде бала­лардың құқықтарын қорғауға бай­­ла­нысты ой бөлісті, бұл ба­ғытта атқарылып жатқан жұмыс­тарды саралай келе, алда атқа­рылуы тиіс шаруалардың бағыт­тарын анықтады. Еуроодақ өкілдігінің бас­шы­сы Норбер Жустен бастаған делегация өнеркәсіп орындарында, білім нысандарында, Алға балалар үйінде және бейімделу орта­лығында болды. Олар сондай-ақ, Ақтөбе мемлекеттік педаго­гика­лық институтының ректоры, об­лыстық мәслихаттың хатшысы Ғалымжан Нұрышевпен, облыс орталығындағы жоғары оқу ор­ын­дарының студенттерімен кездесті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.