• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Жарқын келешек жолындағы рухани нәр

250 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаудың ең үлкен мәні – жасампаздық жолымыздың үлгілерін пайымдап, халыққа ұсыну жолымен елдің асыл рухының салтанатын паш ету. Мұның өзі, түптеп келгенде, жас ұрпаққа ізгі өнеге. Міне, осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының Президенті, Көшбасшымыз Н.Назарбаевтың – «Ұлы Дала ұлағаттары» тол­ғау – эсселері халқына деген сүйіс­пен­шілікке толы перзенттік, оның же­­ңімпаз рухына рух қосатын аза­мат­тық, жарқын жолын нұсқаған кө­­семдік тарту болды. Мен өзім ұстаз болғандықтан, Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа ең­бегінің халқымыздың даналық ал­тын қазынасын жаңа биікке көтергеніне шексіз қуандым. Өйт­ке­ні, мұғалім кез келген ізгілікті дүниеден жас ұрпақ жанына рухани азық болатын нәр іздейді. Қарапайым өрнектерімен өр­бі­тіл­ген еңбектегі құндылық­тар­дың қай­сысын әңгіме етсек те, өзек­ті мәнге ие. Соның ішінде жас­тар тәр­биесіне тікелей арналған «Жаң­ғы­рып келер жас толқын» тарауы тол­қытты. Тарауда «Болашақ» бағ­дар­ла­масының жемісті жүзеге асып жат­қа­нының маңызы айқын ашылған. Жал­пы жас ұрпақ тәрбиесіндегі аға буын үлгісі, отбасының баға жет­пес орны, кітаптың игі ық­палы, мұғалімдердің ұстаздық жауап­кершілігі, мектеп пен отба­сы ынтымақтастығы, халықтық пе­да­гогиканың құндылығы, әдебиет – тарих – тіл құдіреті – бәрі-бәрі өзара өрімдесе қамтылып, адами жандылықта, адами зәрулікте, адами құрметте беріліп, жанға азық, жүрекке жылу, әрбір тағдырға жарық нұрын құйғандай сезіледі. «Ұлы Дала ұлағаттарын» бүкіл адамзаттық даналықтың ХХІ ға­сыр­­дың жаңа биікке көтерілген тұ­с­ы дер едім. ХХІ ғасыр – жастар ға­сыры» деген әлем кеңістігіндегі қа­натты нақылды жастардың үнемі жаң­ғырып келер жаңа сапасын мерей­леп, ғасыр салты деңгейінде көрсеткен кемеңгер еңбек ретінде әлі бағасын алары сөзсіз. Қазіргі еліміздегі жаңа білім реформасына өтпелі шағымызда «Ұлы дала ұлағаттары» атты еңбек «Мәңгілік Елдің» мәңгілік ұр­пағына білім мен тәрбие беруде ұстанатын бірден-бір басты құрал болатынына кәміл сенемін. Алғысымыз шексіз! Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   АЛМАТЫ