• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

«Алпамыс батыр»

327 рет
көрсетілді

алғаш рет музыка тілінде «сөйледі» Астана мемлекеттік акаде­мия­­лық филармониясының Қа­зақ халық аспаптары оркестрі «Ал­памыс батыр» музыкалық театр­ландырылған концертін сах­наға шығарып, кө­рермендердің ыстық ықыласына бөленді. Астана концерт залында алғаш рет бастан-аяқ орындалған көлемді музыкалық туындының авторы – жас композитор Арман Жайым. Бұл концерт аталған өнер ұжы­­­мының ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көрермен на­зарына ұсынған айрықша тартуы болды. Бір сағаттың беде­рінде орындалған шығарма театр­ландырылған көріністерімен, яғни, рөлде ойнаушылар мен музыканың өзара үндестігімен ерекшеленді. Қилы кезеңнің қасіреттері, аумалы-төкпелі заманның тра­ге­диялық көріністері, жаугер­шілік тұсындағы қазақ халқының бастан кешкен қиындықтары, Алпамыс батырдың жауға қарсы күресі – бәрі-бәрі музыка тілімен баяндалды. Әрі соған орай аталған туын­дының кейіпкерлерін көрер­мендер сахнадан көре білді. Бір айта кетерлік жайт, Қазақ халық аспаптары оркестрінің құра­мында кәсіби актерлер болма­ғанмен, «Алпамыс батыр» жы­рын­дағы кейіпкерлерді өнер ұжы­мындағы әншілер мен бишілер сахнаға лайықты шығара білді. Атап айтқанда, жыраудың рөлін – Нұрай Танабаев, Алпамысты – Аян Омаров, Гүлбаршынды – Лаура Минеева, Тайшық ханды – Данияр Мұқан, мыстан кемпірді – Индира Ғабдрахманова, Кейқуатты – Олжас Мырзабаев сомдады. Бишілер өнерін «Шалқыма» би ансамблі ұсынды. Қазақ халық аспаптары оркес­тріне осы ұжымның көркемдік жетек­шісі әрі бас дирижері, ҚР ең­бек сіңірген қайраткері, профессор Айт­қали Жайымов дирижерлік жасады. Концерт соңында сахнаға көтерілген Парламент Мәжі­лісінің депутаты Абай Тас­болатов: «Та­рих­­­сыз ел болмайды. Бүгін аса күр­делі шығарманы сахнаға шы­ғар­ғандарыңызға біз­дер өте таң­ғалдық әрі риза бол­дық. Жү­ректі тебіренткен, көрген адам­дардың есінде қала­тын өнер кешін тамашаладық. Жастардың бойына патриоттық сезімді қалып­тастыратын дәл осындай шы­ғармалар. Мұндай кон­церттерді халыққа жиі көрсету керек. Қиын шығарманы ұсынған ор­кестр ұжымына көрермен ретінде біз­дер басымызды иеміз», – деп риза­шылығын білдірді. Тартымды шыққан туын­дының бас режиссері Астана мемле­кеттік академиялық филар­мониясының көр­кемдік жетек­шісі және бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Сәкен Әбдірахманов, ре­жис­сері Асхат Қошаев. Айбатыр СЕЙТАҚ   АСТАНА