• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Петропавлда тұрғын үйлер пайдалануға берілді

182 рет
көрсетілді

СҚО-да Тұңғыш Президент күні қарсаңында екі жаңа үй пайдалануға берілді, - деп хабарлады «ҚазАқпарат». Қоныс иелеріне кілтті өңір әкімі Ерік Сұлтанов табыс етті. «Барлық қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының басты бағыттарының бірі. Біздің елде барлық санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалуда», – деді өңір басшысы. Ол СҚО-да тұрғын үйді беру жыл сайын 20 пайызға артып отырғандығын атап өтті. Биыл 170 мың шаршы метр енгізу жоспарланған. Оның 60 мыңы –қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған. 72 және 126 пәтерлік екі үй «Қазақстандық ипотекалық компания» желісі бойынша салынды.