• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтеді

276 рет
көрсетілді

3-4 желтоқсан аралығында Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтеді. Республикалық турнирге еліміздің 8 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан үздік 20 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Жарысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілер тағайындаған дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.  
Соңғы жаңалықтар