• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

БҚО әкімі Оралда оқушылармен кездесті

262 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болып, аталмыш білім ордасының даму бағыты, шәкірттерінің табысы мен озық тәжірибені тарату мәселелері қозғалған қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ кеңес отырысынан кейін өңір басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Кейіпкерге 25 сұрақ» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Бұл жобаның мақсаты - зияткерлерді елге және өңірге танымал, ісімен үлгі-өнеге болатын жандармен кездестіру арқылы олардың тұлғалық-көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Еркін форматтағы кездесуде зияткерлер Алтай Сейдірұлына өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Кездесу барысында көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сүйікті кітап және тұлға, шетелде білім алған жастардың елімізге қайта оралуы және мемлекет алдындағы жауапкершілік, сын және оның тұлғаны дамытуға әсері туралы әңгіме өрбіді.