• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Мәдени мұраларды қорғауға 100 млн доллар бөлінбек

111 рет
көрсетілді

Абу Дабиде өткен саммитте Нобель лауреаттары мәдени мұра объектілерін қорғау үшін қажетті шараларды күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды BBC. Олардың айтуынша, ЮНЕСКО-да тіркелген 1052 мәдени мұра ескерткіштерінің 55-і қауіпті жағдайда екен.

Конференцияда шиеленіс алаңдарында қалған мәдени мұраларды қорғауға 100 миллион долларды құрайтын қор ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Оның 30 миллионын Франция береді. Бұл қаражат объектілерді қорғауға, жөндеу жұмыстарына жұмсалады.

Сирия, Мали мен Ирактағы тарихи орындар, Сирия мен Йемендегі ежелгі ескерткіштер соңғы жылдары көп шапа шекті. Сонымен қатар мәдени құндылықтарға табиғи құбылыстар мен экологиялық проблемалар да кері әсер етуі мүмін.

"Біздің тарихтың кейбір бөлшегі мәңгілікке жоқ болды. Бұл болашаққа деген сенімді азайтуы мүмкін", - делінген хабарламада. Оған Мьянма (Бирма) көшбасшысы Аун Сан Су Чи, БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан, Либерияның президенті Элен Джонсон-Серлиф, жазушылар Орхан Памук пен Марио Варгас Льоса қол қойған.