Бүгін «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде сағат 21.10-де Испания чемпионатының 14 туры (Эль-Классико) көрсетіледі, деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Стратегиялық маркетинг департаменті.
«Камп Ноу» стадионында ең мықты испандық футбол клубтары «Реал» мен «Барселона» өнер көрсетпек. Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 13 турдан кейін 33 ұпайға ие. Ал, «Барселона» 27 ұпайымен 2-ші орында келе жатыр.
Соңғы рет екі клуб 2 сәуір күні каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын. Сондай-ақ, ойын матчының тікелей көсетілімі kaztrk.kz сайтында өтеді.