Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтің айтуынша, мұз айдындары көктемге дейін халық игілігіне жарамақ.
«Облыста қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылық артуда. Бүгінгі күні балалар-жасөспірімдер мектептерінде мәнерлеп сырғанау мен хоккеймен айналысатындардың қатары 500-ден асқан», – дейді Нұрлан Есембаев.
Айта кетейік, Павлодар облысында спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 220 мыңға жеткен. Ал 25 жыл бұрын бұл көрсеткіш небары 90 мың болған.