• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2011

Атырауда көп жұмыс атқарылуда

310 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұнайлы өңірдің өркендеуіне осындай баға берді Атырауда тәуелсіздіктің елең-алаң шағынан бастап Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идея­сы­мен қолға алынған халықаралық жобалардың шоғыры көп. Сол жобалардың барлығы дерлік отандық мұнай-газ өнер­кә­сібінің өркен жаюына, облыс экономикасының қарышты қар­қынмен дамуына тың серпін бергені жасырын емес. Солардың қа­тарында Каспий теңізінің қазақстандық секторынан мұнай алуға сәтті қадам жасалғанын айтуға болады. Нақтылай айтқанда, 1993 жыл­дан кейін Каспий теңізінде геологиялық барлау жұмыстары қолға алынса, 1999 жылы Шығыс Қашаған кен орнына алғашқы бұр­ғы салынды. Содан бергі ке­зеңде Каспий теңізінің қазақ­стан­дық секторындағы бірнеше кен орнынан мол мұнайдың белгісі табылды. Алайда, мол мұнайды өндірудің қашан баста­ла­тыны нақты анық емес еді. Осын­дағы жұмыстарды атқаруға опе­ра­торлыққа таңдалған шетелдік компаниялар алғашқы мұнай 2012 жылы алынады дегенмен, биыл 2018 жылға дейін кешеуілдеуі мүмкін екендігі жөнінде ақ­па­рат тарағаны белгілі. Газеті­міз­дің сенбі күнгі санында жазға­ны­мыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына сапары барысында Каспий теңізіндегі «D» жасанды аралындағы жұм­ыс­­тармен таныса барғанда, теңіз табанынан мұнай алудың нақты қашан басталатындығын қадап айтты. – Біз соңғы 40 жылдың ерекше оқиғасы – алып Қашаған кен орнында тұрмыз, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасымен Еуропа, Батыс елдерінде жоғары білім алып, атал­ған жобада жұмыс жасап жат­қан қазақстандық жас мамандармен кездесуінде. – Бұл – Аля­с­кадан кейінгі ең үлкен кен орны. Шынын айту керек, бұл жобаға инвесторлар тарту өте қиынға соқты. Жер қойнауы бай болған­мен, инвесторлар тартпасақ, бұл аймақ миллиондаған жылдар бойы сұраныссыз жатуы мүмкін еді. Сол себептен біз де бұл жо­ба­ға қомақты инвестиция сал­дық. Оған 25 мың қазақстандық тартылған. Бұл – барлық қыз­меткерлердің 80 пайызы. Екі мың қазақстандық компания мұнда өз тауарларын жеткізеді, қызмет­терін ұсынады. Елбасы мәлім еткендей, Каспий қайраңындағы Қашаған кен орнын игеру жобасына 33 миллиард доллар көлемінде инвестиция салынған. Ал әйгілі «Теңіз» кенішін шетелдік инвестормен бірлесіп игеруге салынған инвести­ция­ның көлемі 30 миллиард дол­ларды құрайды. Бұл жобаларға отандық мұнай-газ өнеркәсібінің алыбы – «ҚазМұнайГаз» компа­ния­сы да тең дәрежеде қатысуда. Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамды қоры 10 млрд. тоннаны құрайды. Ал газ қоры – 1 триллион текше метр. Қашаған кен орнындағы бірінші мұнайды өндіру мерзімі ауыстырылмайды. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: – 2012 жылдың аяғында кеніш­тен алғашқы мұнай алынатын болады. Бірінші сатыда мұнда жылына 50 миллион тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай, яғни екінші кезеңде жы­лы­на 75 миллион тоннаға дейін жетеді. Қазақстан әлемнің ірі мұнай экспорттаушыларының қа­та­рына кіреді. Қазақстан экономикасына шет ел инвестициясын тартуды Елба­сы­ның саясаткерлігімен байла­ныс­тырғанымыз өте орынды бол­мақ. Өйткені, мұны нақты мы­сал­мен айтар болсақ, Нұрсұлтан На­зар­баевтың шақыруымен ел эко­номикасына шетел инвес­ти­ция­сын салған тұңғыштардың бірі – «Шеврон» компаниясы. Әлемдік мұнай бизнесіндегі алыптардың бірінен саналатын халықаралық ірі компанияның қатысуымен елімізде 1993 жылы «Теңізшев­ройл» бірлескен кәсіпорны құ­рылып, көмірсутекті шикізаттық қорымен әлемде теңдесі жоқ «Теңіз» кеніші игеріле бастады. «Шевронның» Қазақстанмен серіктестігі тек мұнымен шектелмейді. Бұл компания Қара­шы­ғанақ кенішін игеруге де, Қара теңіз жағалауына төтелей тар­тыл­ған мұнай құбырының іске қосылуына да қомақты инвестиция салды. Сонымен бірге, Ел­басының арнайы тапсырмасымен Атырауда полиэтилен құбырлары зауытын ашқан еді. Елімізде бұрын дәл осындай ең сапалы әрі осы заманғы тех­нологияның озық үлгісімен құ­быр­лар шығаратын зауыт болған емес-ті. Атырауда 2003 жылдан бері тұрақты шығарылатын поли­этилен құбырларға тек отандық тұтынушылардан ғана емес, таяу және алыстағы шет мемлекеттерден де сұраныстар көптеп түсетін болды. Зауыттың бас директоры Меңдіғали Саппаевтың айтуын­ша, полиэтилен құбырлары қал­дық­сыз өнім шығару техно­ло­гия­сына негізделген. Өйткені, зауыт­қа әлемдегі ең жаңа, ең жоғары технологиялық жабдықтар орна­тыл­ған. Зауыттың өндірістік қуа­ты жылына диаметрі 25 мм.-ден 1200 мм.-ге жететін, жұмыс қуаты 25 атмосфераға тең 15 000 тонна газ және су құбырларын шы­ғару­ға мүмкіндік береді. Полиэтилен құбырларын шығаруды басқару және технологиялық үдерістерді бақылау микропроцессорлық технологиямен қадағаланады. Зауыт жұмысына Батыс елдерінің мұ­най және мұнай-химия сала­сын­да­ғы компанияларында мол тәжі­ри­бе жинаған білікті мамандар тартылған. Ал полиэтилен құ­быр­лары мен оған қажетті фи­тин­гілерінің ауыз су тасымал­дау­ға жарамдылығы мен төзімділігі халықаралық стандарттарға сай. Сол себептен, зауыттың әртүрлі диаметрлі полиэтилен құбыр­ла­ры экспортқа да шығарылып келеді. – Бұл зауыт – «Шеврон» ком­паниясының Қазақстан эконо­ми­ка­сын әртараптандыруға бағыт­тал­ған ең сәтті инвестициялық жобаларының бірі, – деді зауыт­тың бас директоры Меңдіғали Саппаев өткен сенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған зауыттың жаңа өндірісін та­ныс­тыру бары­сын­да. – Біздегі бірегей поли­эти­лен құбырлары өн­дірісі – экс­портқа шығарылатын қазақстан­дық тауарлардың бәсе­ке­лестік қабілетін арттыруға, сондай-ақ, ел экономикасының шикізат өндіру­ден тыс сек­тор­ларының үлесін көбейтуге жа­салған оң қадам. Атырау полиэтилен құбыр­лары зауытында Қазақстаннан және көршілес елдерден түсетін сұранысты қанағаттандыру үшін тағы да ең төзімді құбырлардың жаңа бір түрі шығарыла бастады. Ол – металл-пластикті құбырлар. Сөз арасында қайталағандай бол­сақ та, дәл мұндай құбырлар Қа­зақстанда алғаш рет шығарылып отыр. Бұрын елімізге мұндай құ­бырлар шетелден тасымал­да­на­тын. Биылғы жыл басында төзім­ділігі жағынан кемі 50 жылға шы­дайтын металл-пластикті құ­бырларды шығаратын жаңа желі іске қосылды. Бұл мақсатқа «Шеврон» компаниясы шамамен 15,5 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Жаңа өндірістің жобалық қуа­ты – жылына диаметрі 12-110 мм.-лік 2000 тонна құбыр шы­ға­ру. Зауыт мамандарының түсін­ді­руін­ше, металл-пластикті құбыр­лар коррозияға ұшырамайды. Өйт­кені, бұл құбырлардың жер астындағы табиғи құбылыстарға өте төзімділігі зерттелген. Соны­мен бірге, зауытта енді ком­муналдық шаруашылыққа, яғни су, су бұру, газ тарату жүйе­ле­рін­де кеңінен қолданылатын құбыр қақпақшаларын шығару да жос­пар­ланыпты. Мұндай өнім шы­ға­ратын зауыт құрылысы биыл бас­талады. Оның құрылысына шамамен 35 миллион АҚШ дол­ла­рын салу көзделген. Мамандар Қазақстанда әзірге мұндай қақ­пақшалар шығаратын өндіріс жоқ екенін айтады. Президент Атырауға келген сайын жұртшылықпен жүздесуге уақыт табады. Бұл жолы да солай болды. Өйткені, Нұрсұлтан Әбіш­ұлының атыраулықтарға ықы­ласы ерекше, ал мұнайлы өңір жұртшылығы Елбасымен кездесуді әркез асыға тосады. – Атырауға қош келдіңіз, Нұреке! – деп жылы шыраймен қарсы алды Елбасын Жайық өзені жағасындағы Бейбарыс ала­ңы­на жиналған өңірдің зиялы қауым өкілдері. Үлкенмен де, кішімен де қол алыса амандасқан Президент алдымен ел-жұрттың амандығын сұрады. Сонан соң ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мере­ке­сінің маңызына, осы кезеңде қол жеткен табыстарға тоқталды. «Жапония, Оңтүстік Корея тәуел­сіздігінің бірінші 20 жылында осындай табыстарға жеткен жоқ. Оңтүстік Кореяда экономика не­бә­рі 4 есе ғана көтерілді, біздің эко­номика 12 есеге көтеріліп отыр. Осының бәріне біз тәуел­сіздігіміздің арқасында қол жеткіздік. Кеше Қашағанға бардым. Бұл – ең ірі жоба. Кезінде қан­шама инвесторларды тарттық. 850 атмосфералық қысыммен мұ­най алу оңай іс емес. Соның бәрінде қазақ жастары істейтін болады. Корея президентімен келісіп, Атырауда мұнай-химия кешенін салатын болдық. Құны – 6 миллиард доллар. Ресей президентімен Жайық өзенін бірлесіп қорғау жөнінде келісімге келдік. Жайықтың жанында ыңғайлы жер болса, су реттегіш салуды көз­дейміз», деген Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысында ат­қа­рылып жатқан жұмыстарға «Мұ­най-газ кешенінің дамуымен қатар, ауруханалар, мектептер са­лы­нуда. Атырау қаласының да бейнесі бүгінде мүлдем өзгерді», деп оң бағасын берді. Ел ішіндегі аузы дуалы қария­лардың бірі, Атырау облысының құрметті азаматы Есен Тас­қын­баев Елбасының тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен жаңа елорда құрылысын жүргізудегі ерен еңбегін ерекше атап, «Сіздің табандылығыңыздың, саясат­кер­лі­гіңіздің нәтижесінде біздің тәу­елсіз мемлекетіміз әлемге таны­лып отыр. Қазақстанға инвестициялар ағыны арта түсіп, біздің елімізде бүкіл әлемге танымал компаниялар жұмыс жасауға ын­талы», деді. Балық шаруашы­лы­ғының ардагері Қайыржан Әлиев Мемлекет басшысына осы өнер­кәсіп саласына зор қамқорлық жасап, көңіл бөліп отырғанына ри­зашылығын жеткізді. – Тәуелсіздік басты мұраты­мыз еді. Біз өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басқан жа­ңарған, жаңа Қазақстанды құр­дық. Еліміздің бірлігі мықты болса, әлі талай асуды бағындыра­мыз, – деді Елбасы айтылған пікірлерге орай. – Ендігі міндет – жастарды оқыту. Жастар білімді, бәсекеге сай болуы қажет. Нұр­сұлтан Назарбаев жұрт­шы­­лық­пен жылы қоштасып, жү­ру­ге ың­ғай­лана бергенде, шеткерірек тұр­ған жастардың арасынан: «Сізге арнаған бір-екі шумағым бар еді», деп бір ару рұқсат сұрады. Тәуелсіз ел ұланымыз бақытты, Атыраудың аруымын – Ақтоты. Мақтан тұтам Елбасымды ерекше, Сыйға тартқан бізге мынадай уақытты, Ақтау арман Елбасының үмітін, Оқу парыз осы жолда күні-түн. Нұрағаңмен дидарласып, сөйлесіп, Орындалды ұмытылмас бұл күн, – деп лекіте жөнелгенде Елбасы оның қолын алып, «Атың кім?» деп сұрады. – Ақтоты. – Сенің ше? – деді Елбасы оның қасында тұрған құрбысына. – Әсел. – Оқу бітірдіңдер ме? Елбасының бұл сауалына Ақтоты мен Әсел: «Х.Досмұ­ха­ме­дов атындағы Атырау универ­си­тетінің студенттеріміз. Біріміз төртінші, біріміз бірінші курста оқимыз», деп жарыса жауап қатты. – Бақытты болыңдар, айна­лай­ындар! Президент кортежі әуежайға бет алды. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған қос құрбы «Жолыңыз болсын!» деп қол бұлғап тұрды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.