• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2011

«Самұрық-Қазына» қазақстандық өндірушілерді қолдайды

360 рет
көрсетілді

Таяуда «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры АҚ Басқарма төр­ағасы Тимур Құлыбаев «Қаз­Мұ­найГаз» ком­паниясы тобының сатып алу кезінде қазақстандық тау­ар­ларды қамтуын ұлғайту мә­се­лесі жөніндегі кеңеске қатысты. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың, «ҚазТрансГаз» АҚ-тың, «АМӨЗ» ЖШС-ның, «PSA» ЖШС-ның, NCOC, Karachaganak Petroleum Operating BV, «Теңіз­шев­ройл» ЖШС-нің, Қазақстан­ның машина жасау одағының, сондай-ақ отандық тауар өн­ді­ру­ші компа­ниялардың басшылары қатысты. «Біздің алдымызда қазақ­стан­дық қам­туды 60%-ға дейін жеткізу мін­деті тұр, бизнес мен негізгі тап­сырыс беруші бірігіп оны орындауға кірісейік. «Қаз­Мұнай­Газ» және «Самұрық-Қазына» қа­­за­қстандық кәсіпкерлердің қаты­суы­мен кәсіпорын­дар құруға жан-жақты қолдау көрсе­теді», – деп атап көрсетті Құлыбаев. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Бас­қар­ма төрағасы Қайыргелді Қа­былдин қазіргі уақытта ҚМГ ҰК бақылау-өлшеу аспап­та­рын, бұ­ран­д­алы сорғыларды, газ тарату пункттерін, әртүрлі электр тех­никалық бұйымдарды, сүзгілерді, пакерлерді, бұр­ғы­лау құбырла­рын және т.б. шығаратын Қазақ­стан­да 21 жаңа өндіріс ұйым­дас­тыру жөнінде жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Қабылдан­ған шаралар нәти­жесінде отан­дық кәсіпорындарда 600-ден астам жұмыс орны ашылатын бо­лады. Ол қазақстандық қамтуды ұлғайту перспективаларын белгілеп, отандық кә­сіпорындардың басшыларын Қазақ­станда жеткіліксіз өндірілетін тауар­ларды, оның ішінде химиялық реагенттер, зертханалық және электрлі жарық түсіргіш жабдық, сорғы агрегаттарын шығаруға ша­қыр­ды. Өз кезегінде, Тимур Құлыбаев Аты­рау МӨЗ-інде хош иісті кө­мір­сутегін өндіретін кешен салу және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу сынды осын­дай ірі жобаларға қатысуға қазақ­стандық өндірушілерді тарту бой­ынша шаралар қабылдауды тап­сырды. Ол Қашаған кен орнын да атап өтті. «Бірыңғай кешенді тә­сілдеме таңдау қажет. «Самұрық-Қазына» өз тарапы­нан өндірісті ұйымдастыру бойынша жоба­лар­ды қаржыландыру, техникалық және ұйымдық қолдауға уәде береді», – деп сендірді. Кеңесте қазақстандық өндіру­шілер әлемдік стандарттарға сәй­кес келуге, өз өні­мінің сапасын жақсартуға, құнын азай­­туға, қор­шаған ортаны қорғау мен оның қауіпсіздігі стандарттарына сәй­кес ке­луге тырысуы қажет екені аталып өтілді. «Егемен-ақпарат».