• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Мамыр, 2017

Кен өнеркәсібінде кемелдену байқалады

188 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астанада өткен VIII Халықаралық кен металлургия конгресіне қатысып, сөз сөйледі деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

А.Мамин Мемлекет бас­шы­сының тұрақты экономикалық өсім үшін кен металлургия кеше­нінің дамуына айрықша көңіл бөлетінін айта отырып, форумның кен металлургия кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылау мен шешуде халықаралық алаң ретіндегі маңызын атап көрсетті.  Қазақстан әлемде темір кені бойынша жетінші және болат өндірісі көлемі бойынша 33-ші орын алады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы құрылымында кен металлургия кешені 18 пайыздан астамды құрайды.  Соңғы жылдар ішінде ал­ғаш рет базалық металдарға әлем­дік бағаның көтерілуіне, ры­ноктардың жандануына және көптеген жетекші өндіруші компаниялар үшін шығындардың азаюына байланысты әлемдік кен металлургия өнеркәсібінде оң тенденциялар байқалуда деп атап өтті А.Мамин.  2017 жылдың 4 айының қо­ры­тындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 3,7 пайыз­ды құрады. Өнеркәсіп өндірісі көлемі – 107,1 пайыз, оның ішінде кен өндірісінде 107,8 пайыз өңдеу саласында 106,8 пайызды құрады, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.  Бізге саладағы өсімнің оң ди­­­на­­­ми­касын сақтап, өзіміз­дің бәсекелестік артықшылық­­тары­­мызды тиімді пайдалануымыз қажет, деп атап көрсетті А.Мамин.  Оның айтуынша Төртінші өнеркәсіптік революция кен металлургия өнеркәсібінің басты технологиялық тренді болып табылады. Қазірдің өзінде арзан технологияларды қолдану арқылы өндірістің өзіндік құнын төмендетуге және шығарылатын өнім көлемін айтарлықтай ұл­ғай­туға жағдай туғызатын Ин­дустрия 4.0 -дің  элементтерін қолданудың оң үлгілері бар.  Қазақстанның ірі темір кені шикізаты мен болат өнімдерін өндірушілердің бірі болып табылатынын ескере отырып, Болат жөніндегі комитетті ЭЫДҰ-ға мүшелікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ЭЫДҰ-ға мүше болу субсидиялау және металлургия кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау проблемалары бойынша шешім қабылдауға қатысуға және ДСҰ талаптарын ескере отырып болат рыногында әділ бәсекелестікті дамыту бойынша күш-жігер жұмсауға жағдай туғызады.  Талқыланып отырған тақы­рып­тың көкейкестілігін атап өте отырып, А.Мамин форумға қаты­су­шыларға өнеркәсіптік және эко­логиялық қауіпсіздік мәселе­лерін шешу үшін көзқарастар қалыптастыруда, КМК-да өнім­нің жаңа түрлерін дамытуда, ин­новациялық технологиялар енгізуде тиімді жұмыс тіледі.  Айтқандай, 25-ші Дүние­жү­зілік кен конгресін 2018 жылғы 18-22 маусымда Астанада өткізу жоспарланып отыр.