• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 26 Мамыр, 2017

«Ұлы дала» II форумы аясында шетелдік ғалымдар құнды ойларымен бөлісті

187 рет
көрсетілді

Астанада Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала» II Гуманитарлық ғылымдар форумы аясында әлемнің 20-дан астам елінен келген сарапшы-ғалымдар маңызды мәселелер бойынша баяндама жасады.

Мәселен, «Тарихи жады және болашаққа көзқарас» секциясы шеңберінде сөз сөйлеген Ататүрік атындағы мәдениет орталығы директорының міндетін атқарушы Зеки Эраслан «XX ғасыр басындағы түркі әлемі: Жалпы талдау талпынысы» тақырыбында сөз сөйлесе, Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясы, Тарих институтының директоры Равшан Абуддалаев тарихи сана және қазіргі ортаазиялық қоғам төңірегіндегі пайымымен бөлісті.  Бұл панельдік отырыста сөз алған Ж Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Тынчтықбек Чороевтің «1917 жыл қос төңкерісі: Кеңес заманында ашылмаған тұстары», Түркияның Йедитипе университетінің профессоры Ахмет Ташағылдың «Түркі тайпалары тарихын зерттеудің қазіргі түркі әлеміне әсері», М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Ресей, Саха Республикасы) жанындағы Қоғамдық бірлестіктердің азаматтық бастамаларын қолдау жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары Афанасий Николаевтің «Солтүстік сақтардың шығу тегі туралы», Молдовадағы Мәдени мұра институтының доценті Елизавета Квилинкованың «Түркітілдес және православ гагауздар: гагауздардың этникалық тарихындағы тілдік және конфессионалдық тұтастық болашағы» тақырыптары бойынша жасаған баяндамалары мазмұнды шықты.  «Түркі әдеби дәстүрі және қазіргі кезең» тақырыбында өткен секцияда да құнды ойлар айтылды. Мәселен, Қазақстанның ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов түркілердің ортақ руханияты туралы келелі ой қозғаса, Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының Этникалық әдебиет институтының бөлім басшысы Жуматуерди Адили «манас» эпосының Қытай жерінде зерттелу жайына тоқталды.  «Әлем өркениетіндегі Түркі мәдени мұрасы» секциясы шеңберінде «Назарбаев орталығының» бас ғылыми қызметкері Айман Досымбаева Батыс түрік қағанаты иелігіндегі этномәдени жағдай төңірегіндегі өз пайымымен бөліссе, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Филология институтының профессоры Надежда Ойноткинова форум қатысушыларының назарына алтайлықтардың ата-баба әрауағына сиынуы және отбасылық қорымдарды дәріптеуіне қатысты құнды зерттеуін ұсынды.  Моңғолиядан келген ғалым-профессорлар Сухбаатар Дагваадорж бен Энхтор Алтангэрэл Моңғолия ұлтық музейіндегі түркі жәдігерлері және Шивээт Улаан ғұрыптық кешені мен көне-түркі мұрасының байланысы жөнінде әңгіме өрбітті.  Ләйла Еділқызы,  «Егемен Қазақстан»