• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2017

«Ашық әңгімедегі» ауқымды мәселе

174 рет
көрсетілді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев апта сайын «Хабар» агенттігінде эфирге шығып жүрген дәстүрлі «Открытый диалог» жобасында Қазақстанда цифрлы эфирлік хабар тарату қашан іске қосылатыны туралы әңгімеледі. 

Цифрлы хабар тарату үшін екі жыл қажет

«2019 жылы Қазақстанда цифрлы эфирлік телерадиохабарларын тарату ісі жоспарланып отыр. Ал оны іске қосу үшін 827 радиотелевизия стансасын салу қажет. Ол үшін біз бұл істі бір мезгілде бүкіл еліміз бойынша қолға алуымыз керек. Барлық 827 станса салынып біт­­пейінше, тарату жүзеге асырылмайды. Қазіргі кезде 700-ден астам осындай станса салынған. Екі жыл бе­­дерінде біз бұл жұмысты аяқ­тау­ды жоспарлап отырмыз», деді Д.Абаев.  Министрдің сөзіне қарағанда, бұдан бөлек, 3240 дана осындай хабар тарату құрылғыларын ажы­ратып тастау қажет болады. «Бес-алты облыс­та цифрлы хабар таратуды бүгіннен бастауға да болады. Ал баламалы құрылғылар ажы­ратылып тасталған кезде халық­тың белгілі бір тобы атаулы әлеуметтік көмекті қажетсінуі ықти­мал. Өйткені, хабар тарату құ­рылғыларын қосу белгілі бір дең­гейде ақша болуын талап етеді. Сондай-ақ, ел азаматтарының әлеу­меттік жағынан қаншалықты қау­қарлы екені де тексеріліп жатыр», деді аталған мәселеге қатысты сөзінде Д.Абаев. 

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған жоба

«Биыл Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін және ашар­шылық құрбандарын еске алу туралы Жарлыққа қол қойғанына тура 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде аталған Жарлық шеңберінде этномәдени бірлестіктер мен басқа да түрлі алаңдарда шаралар өткізіліп келеді. Жалпы, мамыр айында қазақстандықтар тарихи екі өте қорқынышты қасіреттерді еске түсіреді: 9 мамырда және 31 ма­мырда. Бұл шаралардың басты мақсаты – сол қасіретті кезең­дерді ұмытпай, есте сақтау», деді «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» жобасының эфирінен ведомство басшысы. 

Бір реттік парольге көшу ұсынылды

«Откры­тый диалог» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көр­сетулерге қатысты да әңгіме қозғалды. Мұнда электронды цифрлы қолтаңбаны бір реттік парольдерге ауыстыру туралы идея ерекше назар аударуға тұрарлық.   «Электронды цифрлы қол­таңбаны біз шамамен осыдан он жыл бұрын іске қоссақ, сол кезде ол уақыт рухына жауап берді. Қазір біз бір реттік парольге көшуді ұсынып отырмыз. Адам бір реттік парольдің көмегімен кірген соң, бір транзакцияны орындап,  қайта шығып кете алады. Келесі жолы оның телефонына жаңа пароль келеді. Жүйе жеңілдейді», деп атап көрсетті министр.  «Біз ХҚО-лар беретін анықтамалар санын алып, сараптаудан өткіздік. 23 млн анықтаманың шамамен 18 млн-ы бар-жоғы бес анықтамаға тиесілі екен. Содан соң біз бұл анықтамаларды адамдардың қайда апаратынын сараптадық. Сөйтсек, шамамен 30 пайызы (анықтамалар – ред.) мемлекеттік органдарға апарылады екен. Қазір бізге мемлекеттік корпорацияның («Азаматтарға арналған үкімет» – ред.) ақпараттық жүйелері  қажет, өйткені, адамдар анықтаманы алып, оны қайтадан мемлекетке апарып бермеуі керек. Ол үшін ақпараттық жүйелер өзара интеграциялануы тиіс», деді министр.