Құтқарушылар мен еріктілер суға батып бара жатқан адамды қалай құтқару керектігі мен алғашқы көмек көрсетудің тәсілдерін көрсетті. Бұдан бөлек акцияға қатысушы 200-ге жуық ұлдар мен қыздар шомылу маусымы тақырыбына сай флэшмоб ұйымдастырды. Акция шартына сай еріктілер үш топқа бөлінді.
Құтқару отрядының құтқарушылары, медицина орталығының дәрігерлері, психологтардың жетекшілігімен қатысушылар судағы қауіпсіздікті сақтауға шақыратын «Біз судағы қауіпсіздікті қолдаймыз» транспаранттар мен плакаттар және үнпарақтармен Есіл өзенінің жағасында жаяу жүріп өтті. Флэшмобқа қатысушылар мен белсенділерге ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен сувенирлер табысталды. ТЖД мамандары жазғы маусым басталысымен судағы қайғылы жағдайлардың артатынын ескертеді.
Қарапайым ережелерді ескермеу салдарынан суға батып кету оқиғалары орын алып жатады. Бұл өте күрделі мәселе. Статистиканың мәліметіне сүйенсек, судағы қайғылы жағдайлардың 70% алкогольді ішімдіктің салдары. Суға кетудің 98% астам себебі - жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу. Жағажайларда да ережені ұмытпаған жөн. Күн ыстық кездері 1000 адамға дейін демалады. Сол себептен «Судағы ережелерді сақтау» тәртібіне бағыну әрі оның сақталуына мән беру арқылы қауіпсіз демалыс ұйымдастыруға болады.