• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2017

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлады

441 рет
көрсетілді

 Халықаралық балаларды қорғау күні облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің әйел  ұстаздары мен діни сауаттылық курсының шәкірттері қаладағы ауруханаларда емделіп жатқан  мүгедек балаларға барып қайтты.

Мешіт ұстаздары мен шәкірт қыз-келіншектер балаларға жылы тілектерін айтып, оларға ойыншықтар мен ой-өрісін дамытуға арналған түрлі ойыншықтар сыйлады.  Сыйлықтар мен жемістер, шырын мен тәттілер үлестірді. Мешіттегі әйелдер қауымы бөлімінің жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызының айтуынша, қазіргі кезде диспансерде 37 бала емделуде. Олардың көбі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан, сондықтан қамқорлыққа мұқтаж.  «Әрине, ауру балаларды көру оңай емес. Бірақ біз оларға барып, көңіл бөліп, жылулығымызды аямауымыз қажет. Жылы сөз дертке дауа. Алла Тағала әр отбасы бақытты, береке әкелсін, - дейді Қарлығаш ұстаз.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар.

Суретті түсірген Аманатай Тойшыбай