• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Парламент 02 Маусым, 2017

Сенат комитеті конституциялық заңдарға түзетулерді қарады

159 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына Орталық, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына сайлау үдерістеріне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде өкілеттік қосу ұсынылып отыр.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін үміткерлер бойынша Парламент Мәжілісімен консультациялар  өткізу, сондай-ақ Сенаттың Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметке сайлауы және қызметтен босату тәртібін реттеу туралы толықтырулар енгізіледі.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мәртебесін, елдің біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту мәселелері референдум талқысы бола алмайтынын белгілейтін өзгерістер енгізіледі.

Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Конституциялық кеңесітің шешімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бастамасы бойынша қайта қарауға жататыны туралы ереже енгізіледі.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.