• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2017

Қостанай облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталды

237 рет
көрсетілді

Дән сіңіруге мамыр айында жауған жаңбыр біршама тұсау болса да, көктемгі дала жұмыстары уақытылы аяқталды.

Жоспарланған 4 миллион 70 мың гектар жерге дәнді дақылдар түгел егілді. 3,6 милион гектар алқапты бидай дақылы алады. Қарасу ауданында 609 мың гектар жерге бидай тұқымы сіңірілді. Бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш болып саналады.

Майлы дақылдар 323 мың гектар жерге  егілді. Әсіресе, диқандар зығырға басымдық берген – 200 мың гектарды алып жатыр. Өйткені нарықтың сұранысы осылай болып отыр, оны диқандар дер кезінде ескере білді. Қарасу ауданының диқандары зығыр көлемі жөнінен де  көш бастады. Көптеген шаруашылықтар жем-азық дақылдарына да  көп орын берді. Бақша алқаптарында жұмыс әлі де жалғасуда.

 

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен қазқстан»

ҚОСТАНАЙ