• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2017

Қашықтық қадаммен еңсеріледі

265 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы үшін тағы бір мақсат, межені айқындап берді. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлтымыздың ұлы мұраттарын нақты жүзеге асыруға зор мүмкіндік. Осы жолда Елбасы қоғамның, әрбір ел азаматының санасын жаңғыртудың нақты бірнеше басым бағыттарын нақтылап берді.

Бұқаралық ақпарат көздерінде қызу талқыланған мақаланы енді халық арасында, жер-жерде зия­лы қауым өкілдерімен кездесулер өтіп, талқылап жатыр. Сондай келелі кездесулердің бірі − кеше Қарағанды қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен жазушы, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері, «Парасат» орденінің иегері Рақымжан Отарбаевпен өтті. Қазақ қаламгерлерінің арасын­да өзіндік қолтаңбасымен ерек­ше танылған белгілі жазушы Рақымжан Отарбаев облыс жұрт­шылығымен кездесуде, Елбасы мақа­ласының өзектілігіне тоқта­лып, ұлттық жаңғырудың қазақ үшін қаншалықты маңызды екен­­дігін атап өтті. Кешегі Кеңес дәуі­рінде ұлтқа жасалған қастандық пен теріс пиғылды саясаттың зардабы әлі де болса жойылмағанын тілге тиек ете келіп, бүгінгі күннің де өзекті мәселелерін көтерді. Оның ішінде туған жер, жершілдік пен үш тілді оқыту және жаһандану үдерісіне қатысты дүниелерге жеке-жеке тоқталды. «Туған жер тусаң да керек, өсіп-өнсең де керек, өлсең де керек. Әсіресе, қазақ үшін. Бая­ғы­да алыс сапарға шықса ақ­ты­ғын қанжығасына байлап, ту­ған жердің бір уыс топырағын түй­іп алып кететін қазақ еді ғой. Өт­кен­де шығармашылық сапармен Гер­манияның бірнеше қаласын араладым. Сонда мұсылман зиратында жатқан Мұстафа Шоқайдың зиратына тәу еттім. Қазақ жері үшін қанша арпалысса да туған жердің топырағы бұйырмады... Қандай қасірет?.. Міне, туған жердің биігі қандай?.. Сонымен қатар, туған жер мәселесін көтергенде, туған жердің экологиясын қатар айтуымыз керек. Туған топырақ радиация залалына ұшырап, оның зардабын тұрғылықты халық шегетін болса, біздің басқа бағдарламалармен жасап жатқан «100 мектеп», «100 ауруханамыз» бекершілік болады. Туған жерге осы тұрғыдан, осы биіктен қарауымыз керек», − деді Рақымжан Отарбаев. Жазушы өз сөзінде туған жерді қадірлеу мен жершілдіктің аражігін ажырата алмай жүргендердің бар екендігіне де тоқталып өтті. «Қасым Аманжоловты біл­мей­тін қазақ жоқ. Бірақ оның тойын тек Қарағанды ғана тойлай­ды. Неге жастық шағы өткен Орал­да, неге Семейде немесе Қызыл­орда мен Шымкентте тойланбай­ды?! Абай тек Семейдің ғана Аба­йы ма? Құрманғазы мен Дина тек Аты­рауға ғана керек пе? Біз өзіміз бөлін­генімізбен қоймай, тұлғалары­мызды да бөлектеп алдық», деді жазушы.  Кездесу барысында академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мем­лекеттік университетінің до­центі Бектұрсын Қалиев латын қарпіне ауысу мәселесіне қа­тыс­ты баяндама оқыды. Тіл ма­ма­нының айтуынша, латын қар­піне көшуден қорқатын ештеңе жоқ. Өйткені, біздің алдымызда бауыр­лас түркі елдері өздерінің қаріп­терін ауыстырған болатын. Сол ел­дердің тәжірибесін негізге ала оты­рып, әліпби өзгертуге болады. Мұ­ның ешқандай кері әсері жоқ. Қайта экономикалық және ғы­лыми тұрғыда пайдасы көп болмақ. Кездесу аяқталған тұста Сәкен Сейфуллин театрының кең залында ұйымдастырылған көр­ме жұмысы таныстырылды. Көр­меге Арқа жерінен табылған ар­хеологиялық ескерткіштер, мұра­ғат құжаттары қойылды. Осыдан соң жазушы Рақымжан Отарбаев Қарағандының бір топ жас ақын-жазушыларына өзінің кітаптарын сыйлап, батасын берді. Өз кезегінде Арқа жұртшылығы жазушыға алғыстарын білдірді.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы