• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Шілде, 2024

Мас күйде көлік жүргізген әкім қызметінен босатылды

161 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мас күйде көлік тізгіндеген Чкалов ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға 27 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында Көкшетау қаласында болған.

Белгілі болғандай тәртіп сақшылары аулалардың бірінде «Лада 21713» көлігін тоқтатқан. Ал рөлде Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Сәкен Сәдуақасов болған. Медициналық куәландыру нәтижесінде көлікті мас күйде жүргізген  мемлекеттік қызметші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. 

Мемлекеттік қызметшінің заңсыз әрекеті әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, бұрынғы әкім кінәсін мойындады.