• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Маусым, 2017

Бақытжан Сағынтаев «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» конференциясына қатысты

116 рет
көрсетілді

Астанада Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017 аясындағы Энергетика жөніндегі сегізінші халықаралық форумның жұмысын ашқан «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» Министрлік конференциясына қатысты.

Конференция қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде Бақытжан Сағынтаев кездесудің «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017-нің ашылу күндеріне орай ұйымдастырылуының маңызын атап өтті. ҚР Премьер-Министрі Астанада өздерінің инновациялық идеялары мен технологияларын ұсынған көрмеге қатысушы барлық елдер мен халықаралық ұйымдарға алғыс білдірді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қарқынды дамушы, әлемдік энергетиканың ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету стратегиясын ұстанатын мемлекет ретінде қалыптасуындағы ерекше рөлін атап өтті.

Б. Сағынтаев Министрлік конференция мен Сегізінші форумның БҰҰ-ның бес Өңірлік комиссиясының қолдауының арқасында өткізілгенін айтты. Аталған жұмыстың нәтижесі энергетика саласына қызығушылық танытқан барлық тараптардың ұзақ мерзімді ынтымақтастығын нығайту болады. Конференция декларациясының  ережелері «ЭКСПО-2017 құндылықтарының үндеухатына» енгізіледі.

Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум мен «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» Министрлік конференциясының негізгі тақырыптары энергетикалық қауіпсіздік, сауда және инфрақұрылым, энергия, климат және азық-түліктің өзара байланысы, сонымен қатар жаңғыртылатын энергетиканы өңірлік тұрғыдан дамыту болып табылады.