• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Маусым, 2017

Бақытжан Сағынтаев ЮНИДО бас директорымен кездесті

201 рет
көрсетілді

Бақытжан Сағынтаев ЮНИДО бас директорымен Қазақстан экономикасын үшінші жаңғырту бойынша ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) бас директоры Юн Лимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Үкіметі мен ЮНИДО арасындағы арнайы келісім аясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын, Қазақстан экономикасын жедел технологиялық жаңғыртуды, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстанның өнеркәсіптік статистика, өнеркәсіптік бірігу және өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін төмендету секілді салаларда ЮНИДО-ның өңірлік жобаларына қатысуын жалғастыру мәселелері қаралды.

ЭКСПО-2017 көрмесіне ерекше назар аударылды, тараптар, соның ішінде, ЭКСПО базасында Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы мен «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын құру бойынша бірлескен жұмыстарға дайындық барысын талқылады.