• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бизнес 12 Маусым, 2017

Қазақтың жас кәсіпкерінің кітабы - Еуропада

173 рет
көрсетілді

Италияның Турин қаласында Еуропалық Одақтың білім беру қоры ұйымдастырған «Өзгеріп жатқан әлемдегі жаңа мамандықтарды құру» атты конференция өтті. Онда қазақстандық жас кәсіпкер Арман Тосқанбаевтың «Идеядан бизнеске дейін» ( «From idea to Business») атты кітабының тұсаукесері болды.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін конференцияның басты мақсаты − қазіргі таңда білім мен ғылымның дамуының өзекті мәселелерін, кәсіптік оқытудың ғылыми сапасын арттыруды көздейді.

Қазақстандағы гидропондық қондырғылардың дамуы мен IT-технологиялар негізінде жасалған сағат бизнесінің дамуындағы қиындықтар туралы жасалған баяндамаға − қатысушылар аса қызығушылық танытқан.

«Мен өз еңбегімде қазақстандық кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын таныстырдым. Менің кітабым көлемді инвестициясыз-ақ шағын кәсіпкерліктің дамытудың жолын қарастырады. Өз ісіңді қалай бастау керек деген сұраққа жауап іздейді. Осы арқылы бизнесті енді қолға алған азаматтарға тек талап мен қажырлы еңбек ғана қажет, − дейді Арман Тосқанбаев.

Айта кетейік, Еуропалық одақтың білім қоры жыл сайын әлемнің 28 елінен келген 300 делегатты қабылдайды. Оның ішінде білім министрліктері, кәсіптік білім беру орталықтары, әртүрлі халықаралық білім беру ұйымдары мен агенттіктердің өкілдері қатысқан.

Айман Мұқышева