• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 13 Маусым, 2017

Көрме аясындағы маңызды кездесулер

114 рет
көрсетілді

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің шеңберінде өтіп жатқан «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» конференциясы аясында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қ.Әбдірахманов Еу­ро­па­дағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық жөніндегі ұйы­мының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Лам­берто Заньермен кездесу ба­ры­сында ЕҚЫҰ күн тәртібі мәсе­лелерінің кешені бойынша Қа­зақстан конструктивті диа­логты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.    Сұхбаттастар Еу­ропалық қауіпсіздік, ЕҚЫҰ жорық миссияларының жұ­мысы, экстремизммен күресу, Ор­талық Азиядағы су ресурстарын басқару туралы диалог мә­­селелері және ЕҚЫҰ-ның Ауған­станмен өзара ықпалдасу перс­пективалары бойынша пікір алмасты. ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемін одан әрі күшейту маңызы аталып өтті. Л.За­ньер Қазақстанды ЭКСПО-2017 халық­аралық көрме­сін сәтті ұйымдастырумен құт­тықтады.

Мажарстан ұлттық Эко­но­­мика министрі Михай Вар­гамен кездесу барысында эко­номикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комис­сия мен іскерлік кеңесінің әлеуе­тін тиімді пайдалану маңы­зы айтылды. Қазақ-мажар ауыл­шаруашылық тікелей инвестициялар қорының елеулі әлеуеті бар.

М.Варга қазақ-мажар қаты­нас­тарының орнатылғанынан бері оларды дамытудағы Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсетті. Мажарстан министрі жақында іске қосылған Астана-Будапешт тікелей әуе рейсі іскерлік және гуманитарлық байланыстардың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетіндігіне сенімді.  Тараптар Қазақстан мен Мажарстанның «Бір белдеу − бір жол» жобасына қатысу перспективаларын талқылады. Мажарстандық саясаткер, сонымен қатар, Орталық Азия мен Вышеград тобы арасындағы диалогты орнату идеясын қарастыруды ұсынды.