• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2017

Оңтүстік өнерпаздары Түркияда өнер көрсетті

161 рет
көрсетілді

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы аясында Түркия мемлекетінде Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары концерттер беруде.

Қос ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ортақ мәдениетті қалыптастыра отырып, әдеби, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында XVIII «Халықаралық Рамазан» фестивалі аясында Түркияның бас қаласы Анкараның Кечиөрен ауданында жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі және «Қазақстан кеші» концерті өтті.

Түркиядағы Қазақстан кешінде дәстүрлі, әндер мен қазақ-түрік әндерінен попуррилер орындалса, «Қазына» би ансамблі «Думанды дәурен», «Қара жорға», «Түрік» билерімен Оңтүстік мəдениетін паш етті. «Тұмар» фольклорлық ансамблінің сазды өнері де қос елдің мереке думанын асқақтатты.

Арнайы аттанған өнер делегаттары Түркия мемлекетінің Анкара, Адана, Мерсин, Ыстанбұл қалаларында концерттік бағдарламасын бермек.

Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»