Мемлекет басшысы қорғанысты және әскери қызметті, әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.