«Макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекет қаржысының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2016 жылы бюджет саясаты бірқатар шектеулердің негізінде қалыптасты. Осының бірі - бюджет тапшылығының көлемін бақылау. Бюджет тапшылығының мөлшері жоспардағы көрсеткіштен 161,5 млрд. теңгеге төмендеп, 741 млрд. теңгені құрады. Екі палатаның жұмыс топтарында аса назар аудырылып талқыланған мәселе - мемлекеттік және квазимемлекеттік борыштың өсуі. Алдағы уақытта бюджет тапшылығын тек ішкі ресурстардың есебінен қаржыландыруды жоспарлаудамыз. Холдингтер мен ұлттық компаниялардың сырттан қарыз алу операциялары Үкіметпен келісілетін болады. Борыштық жүктеменің қауіпсіз деңгейде болуы әрқашан қатаң бақылауда болады»,-деді министр.
Сомен қатар, Б. Сұлтанов бюджеттің орындалуына қатысты Есепті қарау кезінде депутаттар ұсыныстарының маңызы зор екендігін жеткізді.
«Осы жерде қозғалған жүйелі мәселелер бізге салықтық әкімшілендірудегі, бюджет процестеріндегі кемшіліктерді жетілдіруге көмек болады»,-деді Қаржы министрі депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.