• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Маусым, 2017

Қазақстан Дүниежүзілік банктің логистика тиімділігі бойынша рейтингісінде позициясын жақсартты

272 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек соңғы 5 жылда республикалық маңызы бар 4,2 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында - 1,3 мың км салынып, жөнделгенін баяндады.

Темір жол желілерінің ұзындығы 1 854 км-ге ұлғайды, «Арқалық – Шұбаркөл» және «Жезқазған – Бейнеу» учаскелері пайдалануға берілді, бұл Қазақстанның шығысынан батысына, әрі қарай «Өзен-Болашақ» темір жол желісі арқылы Парсы шығанағы елдеріне тікелей шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Боржақты - Ерсай» тармағы пайдалануға берілді және «Алматы - Шу» учаскесінің бірінші кезеңін салу аяқталды.

Құрық портындағы паром кешенінің темір жолдарын салу аяқталды. Қытаймен шекарада «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы құрғақ портының» инфрақұрылымы толық қалыптастырылды. Еліміздегі жұмыс істеп тұрған 18 әуежайдың 15-інде жөндеу жүргізілді және ҰҚЖ мен 11 жолаушылар терминалы салынды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Логистика тиімділігі индексі» рейтингісінде «Инфрақұрылым сапасы» көрсеткіші бойынша 106-дан 65-орынға жоғарылап, позициясын жақсартты. ҚР ИДМ мәліметі бойынша, көлік-логистика саласын дамыту, оның ішінде жобалық басқару аясындағы шаралар бұл көрсеткішті де жақсартуға мүмкіндік береді.