30 маусымда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының барлық бөлімшелерінде «Әр салымшы үшін БҰЗҚ» үндеуімен ашық есік күні өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның мақсаты – қарапайым халыққа зейнетақы жүйесін, қордың жалпы қызметін түсіндіру.
Шара аясында азаматтар бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының жаңа технологиясы жөнінде кеңес алып, өздерінің кез-кезген сұрағына жауап алу мүмкіндігіне ие бола алады.
Жоғарыда аталған шараға қызығушылық танытып отырған азаматтар Бейбітшілік көшесі 25 мекен-жайы бойынша орналасқан «Өркен» бизнес-орталығына баруы тиіс.