Университеттің кеңейтілген ғылыми кеңесінде Білім және ғылым министрлігі заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов осылай мәлімдеді.
Ведомство басшылығының мұндай қадамға баруына Оңдасын Бәйкенұлы еңбек шартының біржақты бұзу туралы шешімге келіспей сотқа жүгінген. Бірінші және екінші сот инстанцияларында оның шағымы қанағаттандырылған.
Осы аралықта конкурс жарияланып, университеттің жаңа ректорына Серік Өмірбаев тағайындалған. Жоғары сот министрліктің талап арызын заңсыз деп тауып, О. Әшімовті бұрынғы қызметіне қайта тағайындау туралы шешім шығарған.
Білім және ғылым министрлігі тарапынан кеткен ағаттық осылай түзетілді.
Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»