• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 27 Маусым, 2017

Астана әкімі британ ханзадасымен кездесті

198 рет
көрсетілді

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев және британдық хандаза Ричард, герцог Глостер ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің Ұлыбритания павильонын аралады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшысы Ә. Исекешев пен герцог Глостер көрмені аралап болған соң, елордамызда қазақстандық-британдық бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Қос тарап ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті, екі мемлекет арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтып, кеңейту үшін қажетті жағдай жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Оған қоса әкім мен герцог британ павильонының аумағында «Қазақстан Республикасында қалалық жоспарлау мен BIM технологиясын енгізу» тақырыбына арналып өткен «дөңгелек үстелде» құттықтау сөз сөйледі.

Аталмыш «дөңгелек үстелді» ҚР-ғы Ұлыбритания Елшілігі мен «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры ұйымдастырды.

Оған Gillespies,Pavegen, IBM,AutodeskCIS,EcoDomusInc.,IdeaFabrikPLC-TheHeroEngineCompany, Crowne Agents және Манчестер университеті  сынды бірқатар британдық және американдық  компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кеткен жөн, Герцог Глостер Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның немере інісі, ол ел ішінде және шетелдік іс-сапарларға шығып, қоғамдық маңызы бар істерге белсене араласады.