• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

 ЖОО «G-Global-дың» үздік штабы анықталды

144 рет
көрсетілді

«Жастар G-GLOBAL-ды қолдайды» республикалық байқауының нәтижесі анықтағандай, «G-Global» жаһандық ақпараттық-коммуникативтік платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жастар штабы бірінші орын иеленіп, Қазақстанның 51 жоғары оқу орнының штабтары арасында үздік деп танылды.  

Байқау өткен жылдың қараша айында Елбасы бастамасымен, ҚР БжҒМ қолдауымен жүзеге асқан «G-Global» ауқымды жобасын ілгері жылжытып, насихаттау мақсатында Астана қаласында алғаш рет өткізілген еді. Аталмыш республикалық байқау қазақстандық жастар тарапынан үлкен қызығушылық пен шынайы қолдау тауып, жастардың шығармашылық, зияткерлік әлеуеті мен жасампаз қуатын біріктіруші алаңға айналған болатын. Әлемдік экономиканың, адамдық капиталдың және өркениеттің тұрақты дамуының өзекті мәселелері жөніндегі пікірталастарға жастардың белсене қатысуы жас ұрпақтың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және инновациялық дамуында жауапкершілік пен тұрақты әлем құруда өз рөлін сезінетіндігін растағандай.

«G-Global» халықаралық хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербеков белсенді азаматтық ұстаным танытқандығы үшін қатысушыларға салтанатты түрде өз алғысын жеткізе отырып, жеңімпаздарды құттықтап, «G-Global» халықаралық хатшылығының дипломдарымен марапаттады. Осы орайда айта кетсек, «Жастар G-Global-ды қолдайды» республикалық байқауында Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ мен Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның штабтары екінші және үшінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар аталмыш байқауды жыл сайын өткізу жоспары туралы хабарлай келе, мұндай мүмкіндік жастардың өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі танытуға деген ынталарын арттыра түсетінін айтты.

Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан»