• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2017

ОҚО-да 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748 млн теңге бөлінді

134 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының 2017 жылға арналған бюджет көлемі жалпы 507,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 млрд. теңгеге өсті.

Негізінен мұнда облыстың әлеуметтік, экономикалық маңызды салаларына қажетті қаржы бөлінді. Атап айтсақ, облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу үшін 389,4 млн. теңге , аймақтағы 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748,2 млн. теңге қарастырылып отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Қайта нақтыланған бюджеттің ең көп соммасы яғни-1,5 млрд теңгесі  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатына бөлінді.Бұл қаржы банктегі несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін қосымша қаралып отыр. Биылғы жылы аталған мақсатқа  3 млрд бөлінген болатын, енді оған 1,5 млрд.тенге қосылып жалпы 4,5 млрд. тенгені құрады. Бұл дегеніміз банктерден шамамен 37 млрд. тенгеге жуық инвестиция тартуға жол ашады, яғни кәсіпкерлерге осы соммаға несие алуға мүмкіндік бар.

«Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге өңірді дамыту  бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Біз барлығымыз сол тапсырмаларды орындауға міндеттіміз. Сондықтан да кәсіпкерлікті және әлеуметтік салаларды дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр. Ал, Шымкенттегі 4 үйдің құрылысын жалғастыруға 554,3 млн. теңге қарастырдық. 4 ауыз су және 2 кәріз нысандарының құрылысына  495 млн. теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы Бозарық 1,2,3 тұрғын үй алабын электрмен қамтамасыз ету құрылысын жалғастыруға 200 млн. теңге жұмсайтын боламыз», - деді Ж. Түймебаев.

Биыл Түркістан және Кентау қалаларындағы тұрғын үйлерді жаңғыртуға 491,5 млн.теңге бағытталса,  Шымкент қаласындағы бұрынғы қоқыс полигоның аумағында саябақ салу және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін 400,7 млн. теңге жоспарлануда.

 Бұдан бөлек, 6 білім беру нысандарының құрылысын бастауға  55 млн.теңге бөлінеді. Ал,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізге және орталықтандырылған ақпараттық жүйесіне көшу бағытында денсаулық сақтау саласының  медициналық ұйымдарына 1 732 дана компьютер сатып алуға 346,4 млн. теңге қарастырылып отыр.  Денсаулық сақтау саласын дамытуға жалпы 4 емхананың құрылысына және 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына   97 млн. теңге бағытталатын болады.

Сессия барысында облыстық маңызы бар 2 автомобиль жолының құрылысын бастау және Астана даңғылының құрылысын жалғастыру үшін 224,4 млн. теңге қарастырылды.