• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

Ертең Астананың кейбір аудандарында жоспарлы түрде электр энергиясы сөндіріледі

167 рет
көрсетілді

Жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты Астана қаласы әкімдігінің жағдаяттар орталығы хабарлағандай,  10/0,4 кв. электр жүйелерінде жоспарлы түрде сөндіріледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

28 маусымда сағат 09.00.-ден 13.00.-ге дейін Лермонтов, Павлов, Сенной, Күлтеген даңғылдарында, Сырдария, Әлімжанов, Панфилов, Жангелдин, Сейфуллин, Жаңақұрылыс, Княгинин, Космонавт көшелерінде және сағат 14.30.-18.00. аралығында Тайбеков және Меңдешев көшелерінде жарық ажыратылады.

Сондай-ақ Досмұхамедұлы, Алпамыс батыр көшелерінде жарық сөндіріледі, сағат 09.00.-18.00. аралығында Жансүгіров -4, 4/3, 6/2, Толстой көшелері мен Күлтөбе даңғылы, Вишневский тас жолы-3, Абылайхан-19, 19/2 даңғылы бойынша жарық ажыратылады. 

Сағат 09.00.-11.30. аралығында Пригродный даңғылы бойынша, Ақселеу көшесінде, сағат 15.00.-17.00. аралығында Жұбанов-10 көшесінде, сағат 09.30.-17.30. аралығында Оқжетпес, Атакент, Шубин көшелері мен Байсейітова және Жалил көшелерінің қиылысында, Тамшалы, Жароков, Маралсай, Қоғам, Желдірме, Чехов, Кутузов, Атбасар, Қарталы, Рауан, Сүмбе және Талапкер көшелерінің қиылысында жарық сөндіріледі. 28-29 маусымда сағат 09.00.-18.00. аралығында Мүсрепов-2, 2/1, 2/2, 4/2 көшесі жарықтан ажыратылады.