Бұл шара Астанадағы Ақтөбенің мәдениет күндері аясында өтіп жатыр. Көрмеге жалпы құны 2,1 млрд доллардан асатын 13 инвестициялық жоба қойылды.
- Біз шетел инвесторларын Ақтөбе облысында жұмыс істеуге шақырамыз. Олар үшін барлық жағдай жасалатындығын тағы бір мәрте еске саламын. Осы көрме ЭКСПО аумағында жұртшылық назарына ұсынылатын болады. Бізде өндірістік, геологиялық, туристік саланы дамытуға мүмкіндік зор, - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
- Біз биыл 20 млн еуроны игереміз деп жоспарлап отырмыз. Технология Испанияға тиесілі. Ал инвестиция Германиянікі. Зауыт құрылысы 3 жылға созылады. Оның қуаттылығы жылына 250 мгв болады. Мұндай жел генераторы зауыты әзірге бұрынғы кеңестер одағы құрамындағы елдердің ешқайсысында жоқ, - деді United energies Aktobe ЖШС бас директоры Михаэль Паульс.