• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Маусым, 2017

Сауап іздеген Саламат

166 рет
көрсетілді

Қарағандының жол-патрульдік полицейі, аға сержант Саламат Темірбаев өзінің еңбек дем­алы­сы­ның қаражатын Қарағанды қала­сындағы «Даму мүмкін­шіліктері шек­телген балалар үйінің» балдыр­ғандарына табыс­тады. Табыстап қана қоймай, балаларды орта­лық саябақта се­руен­детіп, шаттық нұ­рын шартарапқа шашты.

2012 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып келе жатқан жомарт жүрек полицейдің биылғы еңбек демалысы ораза айына сәйкес келіпті. Әкесі Мағаздың өсиетін зердесіне тоқып өс­кен Саламат, нағыз қазақы қалыппен тәрбие көрген азамат екенін танытты. Сауапты іске дән риза болған балалар түрлі аттракциондарда ойнап, бір сәтке болсын дүние-думанды алаңсыз кешірді.  Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген нақыл бар. Саламаттың  бүгінгі жасаған сауабы – ертеңгі күннің жауабы екенін ұғынған жөн. Біз ертең ұтсақ, қаражаты бар ел емес, Саламаты бар елі ретінде өркениеттің алдына түсеміз.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы