• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Маусым, 2017

Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды

188 рет
көрсетілді

Жаңа басқарма екі басқарманы қосу нәтижесінде құрылды. Құрылыс басқармасы мен Архитектура және қалақұрылысы басқармалары біріктіріліп, Құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасы болып құрылды. Оның басшысы болып облыс әкімінің өкімімен Талғат Болатов бекітілді.

«Қайта құру нәтижесінде екі басқарма біріктірілді.Менің бұйрығыммен тағайындалған Талғат Болатов Құрылыс басқармасында 12 жыл қызмет істеді, басшының орынбасары  міндетін де атқарды. Тәжірибесі жеткілікті деп ойлаймын. Қостанай облысының тумасы, осы саладағы проблемалардың барлығын біледі» деді  аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.

 Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ