• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Маусым, 2017

Премьер Қызылордада МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты

138 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова Бақытжан Сағынтаевқа МӘМС жүйесін енгізуге даярлық пен өңірдің медициналық мекемелері мен денсаулық сақтау саласын дамыту келешегі туралы баяндады.

Облыста халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, облыстың барлық тұрғындарынан МӘМС жүйесіне қатысушылардың статусы анықталды. Қазіргі таңда емханаларға тіркеу науқаны жүргізіліп жатыр.

Балалар ауруханасын аралау кезінде, Бақытжан Сағынтаевты мекеменің жабдықталуы мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында балаларды білікті емдеу шаралары туралы ақпараттандырды.