• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 28 Маусым, 2017

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

140 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасына биылғы сәуір айында Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп беріліп, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынылды.ы

Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары санының артып келе жатқанына назар аударып, балабақшалармен және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

- Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақылауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды, - деді Мемлекет басшысы.

Астана қаласының әкімі Қазақстан Президентіне елорданы дамытудың бірқатар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жасқа жеткенін атап өтіп, әлеуметтік сала оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Ә.Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты. Сонымен бірге Астана қаласының әкімі «Талдыкөл» ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.