Қазақстан Президенті кездесуде облыстың туристік әлеуетін, соның ішінде «Бурабай» курортын одан әрі дамыту жұмыстары туралы сұрады. Елбасы курорттық аймаққа келушілер саны жылдың әр мезгілінде әртүрлі екеніне назар аударып, туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ бағалардың көрсетілетін қызметтердің деңгейіне сай келмейтіндей жоғары екенін атап өтті. – ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуін тиімді пайдалану қажет. Көптеген туристер келді, соның ішінде шетелдіктер де бар. Бірақ, экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар, адамдардың демалуы үшін жақсы жағдай жасаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің маңыздылығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар саланы айтты. М. Мырзалин Қазақстан Президентіне туристердің қазіргі демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, өңір қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге арналған жоспарлармен таныстырды.
Президент
•
29 Маусым, 2017
Өңірде мән беретін салалар бар
163 рет
көрсетілді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.